Атырауда үш құрылыс компаниясы жауапкершілікке тартылды

Автор: Azattyq Rýhy

Олар үлескерлерден заңсыз ақша жинап келген

фото: ашық дереккөзден

Атыраудағы құрылыс компаниялары үлескерлерді ғана емес шенеуніктерді де алдап соққан. Мұны облыстық прокуратура анықтап отыр, деп хабарлайды Астана телеарнасы.

Келтірілген деректерге қарағанда, аймақтағы үш ірі құрылыс компаниясы елден заңсыз ақша жинап келген. Негізі қолданыстағы заңға сәйкес, құрылыс компаниялары бірнеше талапты орындауы шарт. Банкте депозиті болуы тиіс, кепілдік беретін қордан және жергілікті әкімдіктен рұқсаты алуы керек. Бір емес үш бірдей компания осындай ортақ талаптарды орындамағаны белгілі болды. Тіпті біреуі 100 пәтерін саудалап үлгерген. Прокурорлар күмәнді құрылысқа қаржы салғандар кейін өз құқықтарын қорғай алмай қалуы мүмкін екенін тағы ескертті.

 «Салынып жатқан «Victory park», «Arman residence», «Tan samaly» деген тұрғын үй кешендері салыну барысында осы үлескер құқықтары бұзылу фактілері анықталып,осыны салып жатқан құрылыс компаниялары ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 320 бабымен жауапкершілікке тартылды. Жалпы оларға 1 млн 700 мың теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды», - деді Атырау облысы прокурорының орынбасары Бауыржан Жұмақанов,