Жасырылған ыдыстардан «марихуана», «каннабис шайыры» және «гашиш майы» табылды
Қазақстанға Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінен үш мәрте аса ірі мөлшерде есірткі жеткізілмек болған. ҰҚК өткен айда Алматы әуежайындағы қылмыстық әрекеттердің жолын кесті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
ҰҚК дерегіне сүйенсек, шетелдік азаматтардың жол жүгін тексеру барысында косметикалық өнімдерге жасырылған ыдыстардан «марихуана», «каннабис шайыры» және «гашиш майы» табылды.
«Сараптама қорытындысына сәйкес, тәркіленген есірткінің жалпы салмағы 32 килограмнан асты. Көрсетілген фактілерге қатысты материалдар процестік шешімдер қабылдануы үшін құзыретті органдарға тергеу бағыты бойынша берілді», – делінген ҰҚК хабарламасында.