Канскіде мектептегі жиын алдында оқушы мұғалімге шабуыл жасады
Ресейдің Канск қаласында мектептегі салтанатты жиын басталар алдында жетінші сынып оқушысы мұғалімге шабуыл жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«База» мәліметінше, жетінші сынып оқушысы мұғалімнің бетіне бұрышты газ баллонынан шашып, кейін пышақ шығарған. Шабуыл жасаған қызды оқушылардың бірінің анасы тоқтатқан.
Физика пәнінің мұғалімі ауыр жарақат алмаған. Оқушы ұсталды.
Қазір оқиға орнында жедел қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. Мектептегі мерекелік іс-шаралар тоқтатылды.