Қазақстан халқының саны 20,6 млн-нан асты – ресми статистика

Халық саны бойынша еліміздің ең ірі қаласы – Алматы

Қазақстан халқының саны 20,6 млн-нан асты – ресми статистика
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстан халқының саны 2026 жылғы 1 тамыздағы жағдай бойынша 20 604 819 адамға жетті. Жыл басынан бері ел тұрғындарының саны 104 997 адамға артқан. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы мәлімет таратты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

1 тамыздағы дерек бойынша, қалалық жерлерде шамамен 13 211 759 адам, ал ауылдық жерлерде 7 393 060 адам тұрады.

Халық саны бойынша еліміздің ең ірі қаласы – Алматы. Мұнда 2 379 793 адам тұрады. Астанадағы тұрғындар саны шамамен 1 690 605 адамды, Шымкентте 1 313 348 адамды құрайды.

Өңірлер арасында халық саны ең көп облыс – Түркістан облысы. Онда 2 144 993 адам тұрады. Одан кейінгі орындарда Алматы облысы – 1 614 234, Жамбыл облысы – 1 211 705 және Қарағанды облысы – 1 130 313.

Халық саны ең аз өңір – Ұлытау облысы. Мұнда 217 670 адам тұрады.