Қазақстанда 2027 жылы АЕК, зейнетақы және күнкөріс минимумы өседі: бюджет жобасы

Автор: Алмас Ерсін

Ең төменгі жалақы 85 мың теңге деңгейінде өзгеріссіз қалады

Фото: istockphoto.com

Қазақстанда 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап негізгі әлеуметтік және есептік көрсеткіштерді арттыру жоспарланып отыр. Жаңа мөлшерлер «2027-2029 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасында қарастырылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Құжатқа сәйкес, келесі жылдың басынан бастап:

  • ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін – 38 622 теңге;

  • ең төменгі зейнетақыны – 74 919 теңге;

  • айлық есептік көрсеткішті (АЕК) – 4 693 теңге;

  • ең төменгі күнкөріс деңгейін – 55 173 теңге мөлшерінде белгілеу ұсынылады.

Бұл ретте ең төменгі жалақы бұрынғы деңгейде – 85 мың теңге болып қалады.

2027 жылғы 1 қаңтардан бастап жасына байланысты және еңбек сіңірген жылдары үшін төленетін зейнетақы мөлшерін 8,5%-ға арттыру ескеріліп, бюджетте тиісті қаражат қарастырылған.

Салыстыру үшін, 2026 жылы:

  • ең төменгі мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі – 35 596 теңге;

  • ең төменгі зейнетақы – 69 049 теңге;

  • АЕК – 4 325 теңге;

  • ең төменгі күнкөріс деңгейі – 50 851 теңге.

Осылайша, 2027 жылы бұл көрсеткіштерді шамамен 8,5%-ға арттыру жоспарланып отыр.

2027 жылға арналған республикалық бюджет шығыстары 30,2 трлн теңге көлемінде жоспарланған. Бұдан бөлек, Қазақстан Президенті айқындаған мақсаттарға Ұлттық қордан 2 трлн теңге көлемінде нысаналы трансферт қарастыру ұсынылады.