Күздің алғашқы күні Қазақстанның үш қаласында өмір сүретін тұрғындарға ескерту жасалды

Синоптиктер мәліметі жария болды

Күздің алғашқы күні Қазақстанның үш қаласында өмір сүретін тұрғындарға ескерту жасалды
Фото: istockphoto.com

Күздің алғашқы күні Қазақстанның үш қаласында атмосферада ластаушы заттар шамадан тыс шоғырланады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған зиянды қоспалардың атмосфераның жерге жақын қабатында жиналып, таралмай қалуына әсер ететін қолайсыз метеорологиялық жағдайлардың қалыптасуы себеп болып отыр.

«1 қыркүйекте Орал, Атырау және Ақтөбе қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», – деп хабарлады «Қазгидромет» РМК.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар (ҚМЖ) – ауадағы ластаушы заттардың таралуына кедергі келтіріп, олардың шоғырлануына ықпал ететін ауа райы құбылысы. Оларға әлсіз жел, тұман және температуралық инверсия жатады.

Мұндай жағдайлар ауа сапасының уақытша нашарлауына әкелуі мүмкін. Әсіресе бұл тығыз салынған аумақтар мен өнеркәсіптік аймақтарда байқалады.