Тоқаев Өзбекстан халқын тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті Өзбекстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Тоқаев Өзбекстан халқын тәуелсіздіктің 35 жылдығымен құттықтады
Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Өзбекстан елінің Тәуелсіздігіне 35 жыл толуына орай президент Шавкат Мирзиёевке құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ақорданың мәліметінше, президент ұлттың ынтымақ-бірлігін, орнықты даму мен ілгерілеу жолындағы нық қадамын айшықтайтын бұл мереке өзбек халқының мерейін асқақтата түсетінін атап өтті.

«Қазақстан халқы бауырлас Өзбекстанның жетістіктеріне риясыз қуанады. Біз ғасырлардан тамыр тартатын достықты, тату көршілік пен халықтарымыздың арасындағы өзара қолдауды жоғары бағалаймыз. Сан қырлы ынтымақтастығымыз стратегиялық серіктестік пен одақтастық рухына сай бұрын-соңды болмаған деңгейде дамып келеді. Бірлескен жұмысты одан әрі жандандыру табыстарымызды еселеп, елдеріміздің игілігі жолында қазақ-өзбек қарым-қатынасын жаңа биікке бастайтынына сенімдімін», – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевтің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, бауырлас өзбек халқына бақ-береке тіледі.