Тоқаев Бішкекте VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатына қатысты

Автор: Алмас Ерсін

Жарыста Қазақстан атынан 150-ден астам спортшы өнер көрсетеді

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тамашалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Ақордаға сілтеме жасап.

Биыл жарыстар 31 тамыз бен 6 қыркүйек аралығында Қырғыз Республикасының Ыстықкөл облысында өтеді.

Додада 100-ден астам елден 3 мыңға жуық спортшы бақ сынайды. Сайыстың 43 түрінен, соның ішінде қазақ халқының ұлттық спорт түрлерінен жүлделер сарапқа салынады.

Қазақстанның атынан 150-ден астам спортшы сынға түседі. Отандастарымыз 43 спорт түрінің барлығында өнер көрсетеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Бішкекте өтіп жатқан VI Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу салтанатын тамашалады