Шортандыда шенеуніктердің құмар ойынға миллиондаған теңге жұмсағаны белгілі болды

Автор: Асыл Арман

Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу фактілері анықталды

Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Ақмола облысының Шортанды ауданында прокуратура мемлекеттік қызметшілердің букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға қатысу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметінше, мемлекеттік қызметшілердің бірі бірнеше ай бойы букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасы арқылы жүйелі түрде бәс тігіп, ойын шотын 5,7 млн теңгеден астам сомаға толықтырған.

Тексеру нәтижесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдардың және Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарының бұзылғаны анықталды.

«Прокуратура тарапынан прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, оны қарау нәтижесінде кінәлі тұлғаларға тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылды. Сондай-ақ мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілді», – делінген ведомство хабарламасында.