Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды
Оралдағы түнгі клубтың бөлмесінде ер адамның қызға шабуыл жасаған сәті видеоға түсіп қалды. Онда ер адамның қызға шабуыл жасағанын көруге болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Видеода ер адамның қыздың басына шыны зат лақтырғаны көрінеді.
Жазбаға Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті түсініктеме берді. Ведомство өкілдерінің мәліметінше, видеоға түсіп қалған адамның жеке басы анықталған.
«Қазір тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесіне сәйкес заңнамаға сай тиісті шаралар қабылданады», – деп түсіндірді БҚО ПД.