Тоқаевтың жарлығымен Ерлан Қарин вице-президент лауазымына тағайындалды

Автор: Асыл Арман

Ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды

Фото: gov.kz

Ерлан Қарин мемлекет басшысының жарлығымен вице-президент лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Мемлекет басшысының жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының вице-президенті болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды», – делінген Ақорданың хабарламасында.

Айта кетейік, бүгін Құрылтай депутаттары вице-президент лауазымына президент ұсынған Ерлан Қаринның кандидатурасын қолдап, дауыс берді.

Ерлан Қарин осыған дейін түрлі мемлекеттік қызметтер атқарған. 2019 жылғы сәуірден 2020 жылғы шілдеге дейін Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі, кейін Президенттің көмекшісі болды.

2022 жылғы 5 қаңтарда мемлекеттік хатшы қызметіне тағайындалып, сол жылдың 14 маусымынан бастап мемлекеттік кеңесші қызметін атқарды. 2026 жылғы 30 маусымда президент жарлығымен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары болып тағайындалды.