Елді мекендерге ешқандай қауіп төнген жоқ
Ақмола облысы Ерейментау ауданына қарасты Қойтас ауылдық округінің аумағында құрғақ шөп өртенді. Жалын шарпыған аумақ 10 гектарды құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Өртті ауыздықтауға ТЖД күштері мен құралдары, «Ерейментауское» орман шаруашылығының өкілдері және «Ауыл құтқарушылары» еріктілер құрамасы жұмылдырылды. Мамандардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында өрт толықтай жойылды.
Төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, өрттің шығуына найзағай түсуі алдын ала себеп болған. Елді мекендерге ешқандай қауіп төнген жоқ.
Ақмола облысының ТЖД азаматтардан өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.