Өрт салдарынан екінші қабаттағы пәтерден 1959 жылы туған әйел медициналық мекемеге жеткізілді
Алматы қаласы Бостандық ауданына қарасты Мыңбаев көшесіндегі тұрғын үйлердің бірінен өрт шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Алдын ала мәлімет бойынша, тілсіз жау екінші қабаттағы пәтердің балконынан тұтанған. Содан соң жалын көршілес орналасқан көкөніс дүңгіршегіне және үшінші қабаттағы пәтердің балконына шарпыған.
Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері өртті тез арада оқшаулап, толығымен сөндірді.
Өрт салдарынан екінші қабаттағы пәтерден 1959 жылы туған әйел медициналық мекемеге жеткізілді. Қазіргі уақытта мамандар өрттің шығу себептері мен мән-жайын анықтап жатыр.