Елдің кей өңірінде күн +37 градусқа дейін ысыса, солтүстікте үсік күтіледі
30 тамызда Қазақстанда ауа райы құбылмалы болады: кей өңірлерде күн +37 °C-қа дейін ысыса, енді бір аймақтарда жаңбыр, найзағай, қатты жел, тіпті топырақ бетінде үсік күтіледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.
Астанада көшпелі бұлт шығып, кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Желдің жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде ауа температурасы +8...+10 °C, күндіз +14...+16 °C болады.
Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел 3-8 м/с. Түнде +19...+21 °C, күндіз +31...+33 °C.
Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Түнде +19...+21 °C, күндіз +35...+37 °C ыстық болады.
Ақтауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +20...+22 °C, күндіз +28...+30 °C.
Ақтөбеде аз бұлтты, жауын-шашынсыз, таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел 3-8 м/с, екпіні 12 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +4...+6 °C, күндіз +18...+20 °C.
Атырауда аз бұлтты, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Жел 7-12 м/с. Түнде +12...+14 °C, күндіз +23...+25 °C.
Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +13...+15 °C, күндіз +28...+30 °C.
Қарағандыда көшпелі бұлт шығады, түнде және таңертең тұман түсуі мүмкін. Жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 7-12 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +7...+9 °C, күндіз +21...+23 °C.
Көкшетауда кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +5...+7 °C, күндіз +13...+15 °C.
Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +17...+19 °C, күндіз +32...+34 °C.
Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде +3...+5 °C, күндіз +13...+15 °C.
Қызылордада таңертең жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз де жаңбыр мен найзағай болуы мүмкін. Жел 9-14 м/с. Түнде +19...+21 °C, күндіз +32...+34 °C.
Павлодарда көшпелі бұлтты, таңертең тұман түсуі мүмкін. Жаңбыр жауып, найзағай ойнауы ықтимал. Жел 9-14 м/с. Түнде +4...+6 °C, күндіз +19...+21 °C.
Петропавлда түнде және таңертең тұман түседі, күндіз аздаған жаңбыр жаууы мүмкін. Жел 9-14 м/с, екпіні 15-20 м/с. Түнде ауа температурасы +1...+3 °C-қа дейін төмендеп, топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүреді. Күндіз +12...+14 °C.
Семейде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 5-10 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +12...+14 °C, күндіз +20...+22 °C.
Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5-10 м/с. Түнде +9...+11 °C, күндіз +31...+33 °C.
Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9-14 м/с. Түнде +15...+17 °C, күндіз +31...+33 °C.
Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 8-13 м/с. Түнде +18...+20 °C, күндіз +35...+37 °C.
Оралда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, таңертең тұман түсуі мүмкін. Жел 7-12 м/с. Түнде +6...+8 °C, күндіз +21...+23 °C.
Өскеменде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Жел 5-10 м/с, түнде екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +13...+15 °C, күндіз +20...+22 °C.
Бұған дейін «Қазгидромет» 30 тамызға Қазақстанның барлық өңірінде дауылды ескерту жариялағаны хабарланған.