Алматыда бес қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Автор: Дәулет Ботагөз

Қара түтін мен жалын төртінші қабаттағы пәтерлердің бірінде тұтанған

Фото: ТЖМ

Алматы қаласының құтқарушылары Алмалы ауданындағы Тұрғыт Өзал көшесі бойында орналасқан бес қабатты тұрғын үйден шыққан өртті сөндіріп жатыр. Қара түтін мен жалын төртінші қабаттағы пәтерлердің бірінде тұтанған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға орнына жедел жеткен Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері ғимарат ішінің қатты түтіндегенін анықтады.

Қазіргі уақытта құтқарушылар тұрғындарды қауіпсіз жерге шығару және құтқару жұмыстарын белсенді түрде жүргізіп жатыр. Өртті оқшаулау мен сөндіруге газ-түтіннен қорғау қызметінің бірнеше буыны жұмылдырылған.

Алдын ала мәліметтер бойынша, зардап шеккендер туралы ақпарат түскен жоқ. Оқиғаның мән-жайы мен шығу себептері анықталуда.

Тегтер: