Алматы облысында құтқарушылар тауда адасып кеткен жасөспірімдерді аман-есен тапты

Автор: Дәулет Ботагөз

Балалар аман-есен табылып, №4 Экопостқа дейін апарар жолда қауіпсіз түрде жеткізілді

Фото: ТЖМ

Алматы облысының Қарасай ауданында, Қасқыр тауы маңында, теңіз деңгейінен 2305 метр биіктікте туристік соқпақтан адасып кеткен жасөспірімдерге құтқарушылар көмекке келді. Олар қараңғы түсуіне байланысты жолдан адасып, төменге өз бетінше түсе алмаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиға орнына Алматы қаласы Мониторинг және жедел әрекет ету орталығының құтқарушылары жедел жетіп, іздеу-құтқару жұмыстарын жүргізді.  

Жасөспірімдер аман-есен табылып, №4 Экопостқа дейін апарар жолда қауіпсіз түрде жеткізілді. Олар күтіп отырған ата-аналарына аман-есен тапсырылды. Жасөспірімдерге медициналық көмек қажет болмады.  

Төтенше жағдайлар министрлігі таулы аймақтарға шығатындарға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауды ескертеді. 

Тегтер: