28 тамызға арналған доллар бағамы жарияланды

Автор: Асыл Арман

Қазақстан Ұлттық банкі 28 тамызға белгілеген доллардың ресми бағамы белгіленді

Фото: freepik.com

Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 464,77 теңгені құрады. Осылайша АҚШ валютасы 2,1 теңгеге өскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстан Ұлттық банкі 28 тамызға белгілеген доллардың ресми бағамы – 462,3 теңге.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 463,23 теңге, сатудың орташа бағамы 465,36 теңге. Астананың айырбастау пунктерінде долларды орта есеппен 460 теңгеден сатып алып, 467 теңгеден сатып жатыр. Шымкентте долларды сатып алудың орташа бағамы – 463,96 теңге, ал сатудың орташа бағамы – 465,96 теңге.