Бұл – Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халық Кеңесі қашан жасақталатынын мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Қыркүйектің екінші жартысында Халық Кеңесі жасақталады. Бұл – Қазақстан тарихындағы тұңғыш жоғары консультативтік орган. Еліміздің этникалық, аймақтық, әлеуметтік, қоғамдық-саяси ерекшеліктерін бір арнаға тоғыстыратын жаңа құрылым заңнамалық бастама көтеру құқығына ие болады. Шын мәнінде, бұл – бірегей орган. Осылайша, қысқа уақыттың ішінде биліктің барлық негізгі институттары жаңғырып, алдағы реформаларға тың серпін береді», – деді президент.