27 тамызда елімізде жаңбыр жауып, күн ыстық болады

Автор: Алмас Ерсін

Жаңбыр мен найзағай негізінен солтүстік және батыс өңірлерде күтіледі

Фото: © istockphoto.com

Синоптиктер Қазақстан бойынша 27 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Көптеген қалада жауын-шашын болмайды. Жаңбыр жауып, найзағай негізінен еліміздің солтүстігі мен батысында күтіледі. Кей жерлерде бұршақ жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +28...+30°C.

Алматыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +30...+32°C.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +34...+36°C.

Ақтөбеде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +25...+27°C.

Ақтауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +22...+24°C, күндіз +28...+30°C.

Атырауда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +29...+31°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +27...+29°C.

Қарағандыда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +23...+25°C.

Көкшетауда көшпелі бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +22...+24°C.

Қонаевта көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +30...+32°C.

Қостанайда көшпелі бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +24...+26°C.

Қызылордада аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +34...+36°C.

Павлодарда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +28...+30°C.

Петропавлда бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ жауып, жел күшейеді, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +15...+17°C, күндіз +21...+23°C.

Семейде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +26...+28°C.

Талдықорғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +7...+9°C, күндіз +31...+33°C.

Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +32...+34°C.

Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +19...+21°C, күндіз +35...+37°C.

Оралда көшпелі бұлтты, күндіз аздаған жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +24...+26°C.

Өскеменде көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +21...+23°C.