Қазақстан Ұлттық банкі 26 тамызға белгілеген доллардың ресми бағамы – 458,48 теңге
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 458,87 теңгені құрады. Бұл алдыңғы көрсеткішпен салыстырғанда 0,66 теңгеге өскен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстан Ұлттық банкі 26 тамызға белгілеген доллардың ресми бағамы – 458,48 теңге.
Kurs.kz сайтының мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы айырбастау пунктерінде долларды сатып алудың орташа бағамы 458,46 теңге, ал сату бағамы – 460,61 теңге.
Астана қаласының айырбастау пункттерінде долларды орта есеппен 456,55 теңгеден сатып алып, 463,56 теңгеден сатып жатыр.
Шымкентте доллардың сатып алу бағамы орта есеппен 458,78 теңге болса, сату бағамы – 460,78 теңге.