«Аулада маньяк жүр»: Кентаудағы оқиға жұртты дүрліктірді (ВИДЕО)
Полиция қызметкерлері аула аумағын, оның ішінде ондағы қоқыс контейнерлерін де тексерді
Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Кентау қаласындағы көпқабатты үйдің ауласынан адамның денесі табылғаны туралы ақпарат тарады. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барып, аумақты тексерді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚР ІІМ-ге сілтеме жасап.
Полиция қызметкерлері аула аумағын, оның ішінде ондағы қоқыс контейнерлерін де тексерді.
«Ақпарат расталған жоқ. Қазіргі уақытта хабарламаның қайдан тарағаны және оның таралу мән-жайы анықталып жатыр. Тексеру нәтижесіне қарай заңнамаға сәйкес шешім қабылданады», – деп хабарлады полиция.
Құқық қорғау органдары тұрғындарды тексерілмеген ақпаратты таратпауға шақырды. Сондай-ақ көрінеу жалған мәліметтерді таратқаны үшін жауапкершілік қарастырылғанын еске салды.