Бүгінде 51 391 көппәтерлі тұрғын үй жылыту маусымына дайын
Өңірлерде әлеуметтік нысандар мен тұрғын үйлерді алдағы жылыту маусымына дайындау жұмысы аяқталуға жақын. Бұл туралы үкімет отырысында өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрдің айтуынша, білім беру саласындағы 10 913 нысанның 10 693-і дайын. Бұл – жалпы көрсеткіштің 98%-ы. Қазірдің өзінде 8 өңірде білім беру нысандарының 100%-ы жылыту маусымына әзір.
«Денсаулық сақтау нысандарының дайындығы да 98%-ды құрады. 5 394 нысанның 5 281-інде тиісті жұмыс аяқталған. Ал 6 өңірде бұл бағыт бойынша 100% дайындыққа қол жеткізілді», - деді Нағаспаев.
Тұрғын үйлердің де дайындығы пысықталуда. Бүгінде 51 391 көппәтерлі тұрғын үй жылыту маусымына дайын, бұл жоспардың 96%-ын құрайды.