Қайғылы оқиға: Риддерде мотоциклге мінген екі қыз бағанаға байланған жылқының арқанына соғылған

Автор: Асыл Арман

Керіліп тұрған арқанға соғылған 13 жастағы қыз көз жұмды

Фото: «Криминальный Казахстан»

Риддер қаласында 23 тамыз күні 13 және 15 жастағы екі қыз мотоциклмен келе жатып, тұрғын үйдің жанындағы бағанаға байланған жылқының арқанынан соғылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полицияның алдын ала мәліметінше, көлік тізгінінде болған 13 жастағы қыз ауыр жарақат алып, оқиға орнында көз жұмған. Ал 15 жастағы жолаушы қыз ауруханаға жеткізілді.

«Криминальный Казахстан» дерегіне сүйенсек, кәмелетке толмаған баланың абайсызда қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Жылқының иесі анықталып, полиция бөліміне жеткізілді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.