25 тамызға арналған ауа райы болжамы

Автор: Алмас Ерсін

Бірқатар өңірде жаңбыр мен бұршақ күтілсе, елдің батысында аптап ыстық сақталады

Фото: © istockphoto.com

Синоптиктер Қазақстан бойынша 25 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Бірқатар қалада жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде қатты жаңбыр, бұршақ және желдің күшеюі күтіледі. Солтүстікте тұман болжанса, көптеген қалада жауын-шашын болмайды. Ең ыстық ауа райы елдің батысында сақталады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy «Қазгидрометке» сілтеме жасап.

Астанада көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +8...+10°C, күндіз +24...+26°C.

Алматыда көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр, күндіз аздаған жаңбыр жауады. Кей уақытта найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +26...+28°C.

Шымкентте көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +31...+33°C.

Ақтөбеде аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +31...+33°C.

Ақтауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +20...+22°C, күндіз +30...+32°C.

Атырауда аз бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +21...+23°C, күндіз +35...+37°C.

Жезқазғанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +13...+15°C, күндіз +28...+30°C.

Қарағандыда көшпелі бұлтты, күндіз кей уақытта жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түседі. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +21...+23°C.

Көкшетауда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +24...+26°C.

Қонаевта көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Кей уақытта екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +27...+29°C.

Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +28...+30°C.

Қызылордада күн ашық. Ауа температурасы түнде +17...+19°C, күндіз +30...+32°C.

Павлодарда күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +24...+26°C.

Петропавлда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +24...+26°C.

Семейде күн бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, күндіз бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +11...+13°C, күндіз +19...+21°C.

Талдықорғанда көшпелі бұлтты, түнде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Ауа температурасы түнде +10...+12°C, күндіз +26...+28°C.

Таразда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы түнде +14...+16°C, күндіз +28...+30°C.

Түркістанда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +16...+18°C, күндіз +31...+33°C.

Оралда көшпелі бұлтты, күндіз өткінші жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, бұршақ түсіп, жел күшейеді. Ауа температурасы түнде +18...+20°C, күндіз +32...+34°C.

Өскеменде күн бұлтты, жаңбыр, кей уақытта қатты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Күндіз бұршақ түсіп, екпінді жел соғады. Ауа температурасы түнде +12...+14°C, күндіз +19...+21°C.