Алматыда Абай даңғылындағы көлік қозғалысы шектеледі

Автор: Алмас Ерсін

Шектеу 24 тамыздан 1 қыркүйекке дейін Саин мен Момышұлы көшелерінің арасындағы учаскеде қолданылады

Фото: © istockphoto.com

Алматыда 24 тамыз күні кештен бастап Абай даңғылында көлік қозғалысы ішінара шектеледі, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Шектеу 24 тамыз сағат 21:00-ден 1 қыркүйекке дейін Саин және Момышұлы көшелерінің арасындағы учаскеде қолданылады.

Жол жөндеу жұмыстары бірнеше жолақта кезең-кезеңімен жүргізіледі. Сондықтан көлік қозғалысы толығымен жабылмайды. Жөндеу жүргізіліп жатқан учаскеде ескерту белгілері және мердігер ұйым басшысының байланыс деректері көрсетілген ақпараттық стендтер орнатылады.

Көлік жүргізушілерінен бағытын алдын ала жоспарлау сұралды.