Астанада әкімшілік ғимаратқа кірген зейнеткер шалбарын шешіп, жұртты шошытты (ВИДЕО)

Автор: Асыл Арман

Зейнеткер ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Фото: Видеодан скрин

Астанадағы әкімшілік ғимараттардың бірінің фронт-офисінде 68 жастағы ер адам металл іздегіш рамкадан өту кезінде көпшілік алдында шалбарын шешіп тастады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Полиция қызметкерлері ер адамның жеке басын анықтады. Оның Өскемен қаласының тұрғыны, 68 жастағы Ризабек Жұмағалиев екені белгілі болды. Өз әрекетімен ол айналасындағыларға анық құрметсіздік танытып, қоғамдық орында жалпыға ортақ мінез-құлық нормаларын бұзған.

Аталған ер адам ұсақ бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Іс материалдары сотқа жолданды.

«Полиция қоғамдық орындарда мінез-құлық нормаларын әдейі елемеуге және айналасындағыларға құрметсіздік танытуға жол берілмейтінін, мұндай әрекеттер заңда көзделген жауаптылыққа әкеп соқтыратынын ескертеді», – делінген ПД хабарламасында.