Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі ауысты

Автор: Аягөз Құрмаш

Ол ағылшын және француз тілдерін меңгерген

Фото: gov.kz

Жанболат Үсенов Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ол 1983 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. 2004 жылы Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының (ММХҚИ) саясаттану факультетін тәмамдаған.

  • 2004-2006 жылдары – «ҚазМұнайГаз-Сервис» ЖШС жетекші сарапшысы.
  • 2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Еуропа және Америка департаментінің атташесі.
  • 2007 жылы – Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің атташесі.
  • 2007-2011 жылдары – Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Елшілігінің үшінші, екінші және бірінші хатшысы.
  • 2011-2012 жылдары – «Шеврон Мұнайгаз Инк.» инвестициялық жобаларының үйлестірушісі.
  • 2012-2014 жылдары – ҚР СІМ ресми өкілі, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Халықаралық ақпарат комитеті төрағасының орынбасары.
  • 2014-2017 жылдары – «Шеврон Мұнайгаз Инк.» үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі директордың орынбасары.
  • 2015-2017 жылдары – Еуразиялық халықаралық қатынастар кеңесінің директоры.
  • 2017-2022 жылдары – Қазақстан Республикасының Ұлыбританиядағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі.
  • 2022-2023 жылдары – «24 KZ» телеарнасында «Мир» бағдарламасының жүргізушісі.

ҚР СІМ ресми өкілі қызметіне тағайындалғанға дейін «Верный Капитал» компаниясының корпоративтік коммуникациялар жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған.

Ол ағылшын және француз тілдерін меңгерген.