Ақорда арнайы хабарлама жариялады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сот Кеңесінің төрағасы мен Адам құқықтары жөніндегі уәкілді тағайындады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысының жарлығымен Дмитрий Михайлович Малахов Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы лауазымына тағайындалды.
«Мемлекет басшысының жарлығымен Артур Ермекұлы Ластаев Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорданың хабарламасында.