Тоқаев халықаралық жарыстарда топ жарған шәкірттердің ұстаздарын марапаттады

Автор: Асыл Арман

Президент бірқатар ұстазды «Құрмет» орденімен және медальдармен марапаттады

Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шәкірттері беделді халықаралық жарыста топ жарған ұстаздар мен тәлімгерлерді жоғары мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Атап айтқанда, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен білім беру саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін Астана қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Мейрамгүл Кенжехановаға, Алматы қаласындағы №134 лицей мұғалімі Ирина Нестеренкоға – «Құрмет» ордені, «Edlight Academy» әдіскері Жанболат Жолгелдиевке, Қарағанды қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің мұғалімі Қарлығаш Жолдыбаеваға, «Haileybury Almaty» мектебінің мұғалімі Владимир Жукке, Өскемен қаласы Білім-инновация лицейінің мұғалімі Айгүл Сейітдәулетке – «Ерен еңбегі үшін» медалі, Қызылорда қаласындағы Білім-инновация лицей-интернатының мұғалімі Батыр Жарқынға, Талдықорған қаласындағы №24 лицей мұғалімі Меруерт Абаеваға, Павлодар қаласындағы Білім-инновация лицей-интернатының мұғалімі Олжас Әмзеевке, Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің мұғалімі Бақыт Мамышевке «Шапағат» медалі берілді.

 

Ақорданың мәліметінше, мемлекет басшысы салтанатты рәсімде халықаралық пән олимпиадаларында алтын, күміс және қола медаль иеленген оқушылар мен студенттерге сәйкесінше 1500, 1000 және 500 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржылай сыйақысы бар сертификаттарды табыстады