Иран Ормуз бұғазындағы кемелер тоқтатылып, тәркіленетінін ескертті

Автор: Асыл Арман

Иран Ормуз бұғазына келген ережесін бұзған кемелерге шектеу енгізбек

Фото: istockphoto.com

Иран Ормуз бұғазынан өту ережесін бұзған кемелерге түрлі шектеу қойылатынын ескертті. Оның ішінде айыппұл салу, кемені ұстау, сондай-ақ тәркілеу шаралары қарастырылған. Бұл туралы Парсы шығанағы бұғазының Иран әкімшілігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy агенттігі DW басылымына сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, Парсы шығанағына кіретін немесе одан шығатын жүктерді тасымалдауды жоспарлаған жүк жөнелтушілер кеме жалдамас бұрын талаптарды сақтамайтын кемелердің тізімімен арнайы сайт арқылы танысуы қажет. Бұл ықтимал келеңсіздіктердің алдын алуға мүмкіндік береді.

Бұған дейін Axios басылымы АҚШ қарулы күштері Ормуз бұғазы арқылы кемелердің өтуіне мүмкіндік беретін жасырын теңіз бағытын ұйымдастырғанын хабарлаған. Бұл бағыт арқылы тәулігіне миллиондаған баррель мұнай тасымалдауға болады.

Басылымның мәліметінше, Оман жағалауына жақын оңтүстік арна арқылы әр түні 15-20 танкер өтеді. Олар әлемдік нарыққа шамамен 10 млн баррель мұнай жеткізеді. Бұл соғысқа дейінгі көрсеткіштің жартысына жуығын құрайды.

АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігінің өкілдері бұл жеткізілімдердің әлемдік мұнай нарығына «айтарлықтай әсер етіп отырғанын» мәлімдеген.

Тегтер: