ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжанов: «Біз мандатқа кепілдік пен үлкен жауапкершілік алдық»

Автор: Алмас Ерсін

Экзитпол қорытындысы бойынша ЖСДП сайлаушылардың 5%-дан астам қолдауына ие болды

t.me/osdp_kz видеосынан скриншот

ЖСДП төрағасы Асхат Рахымжанов Құрылтайға алғашқы сайлаудың алдын ала нәтижелеріне қатысты пікір білдіріп, партияны қолдаған қазақстандықтарға алғыс айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Біз мандатқа кепілдік пен үлкен жауапкершілік алдық», – деді Асхат Рахымжанов.

Экзитпол қорытындысы бойынша Жалпыұлттық социал-демократиялық партия Қазақстан Республикасының Құрылтайына өткен алғашқы сайлауда сайлаушылардың 5%-дан астамының қолдауына ие болды.

Рахымжанов ЖСДП-ға дауыс берген барлық қазақстандыққа, сондай-ақ сайлау науқанын партиямен бірге өткізген белсенділер мен еріктілерге алғыс айтты.