Қазақстан өңірлеріндегі сайлаушылардың сағат 20:00-дегі дауыс беру көрсеткіші жарияланды

Автор: Алмас Ерсін
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша елде 9 352 151 сайлаушы бюллетень алды. Бұл тізімге енгізілген азаматтардың 74,19%-ын құрады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанда Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру аяқталды. Учаскелік сайлау комиссиялары дауыстарды санауға кірісті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, сайлау заңнамасына сәйкес учаскелердегі дауыстарды санау процесі басталған сәттен бастап 12 сағаттан аспауға тиіс.

Аумақтық сайлау комиссиялары дауыс беру мен дауыстарды санаудың алдын ала нәтижелері туралы мәліметтерді электрондық байланыс арналары арқылы Орталық сайлау комиссиясына жолдайды.

Сағат 20:00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі сайлаушылардың дауыс беруге қатысу көрсеткіші:

  1. Астана қаласы – 51,67%
  2. Абай облысы – 81,41%
  3. Ақмола облысы – 82,69%
  4. Ақтөбе облысы – 88,30%
  5. Алматы облысы – 71,17%
  6. Атырау облысы – 70,74%
  7. Батыс Қазақстан облысы – 73,38%
  8. Жамбыл облысы – 85,18%
  9. Жетісу облысы – 91,19%
  10. Қарағанды облысы – 76,28%
  11. Қостанай облысы – 76,47%
  12. Қызылорда облысы – 90,75%
  13. Маңғыстау облысы – 71,38%
  14. Павлодар облысы – 71,20%
  15. Солтүстік Қазақстан облысы – 77,31%
  16. Түркістан облысы – 92,16%
  17. Ұлытау облысы – 70,72%
  18. Шығыс Қазақстан облысы – 87,50%
  19. Алматы қаласы – 43,23%
  20. Шымкент қаласы – 75,42%

Ең жоғары көрсеткіш Түркістан облысында тіркелді – 92,16%. Одан кейін Жетісу облысы – 91,19% және Қызылорда облысы – 90,75%. Ал ең төмен көрсеткіш Алматы қаласында – 43,23%.

Жалпы ел бойынша сағат 20:00-де 9 352 151 сайлаушы бюллетень алды. Бұл сайлаушылар тізіміне енгізілген азаматтардың 74,19%-ын құрады.

Құрылтай депутаттарын сайлау бойынша дауыс берудің алдын ала нәтижелері Орталық сайлау комиссиясының арнайы брифингінде жарияланады. Брифингтің өтетін уақыты қосымша хабарланады.