Құрылтай сайлауы: әлемнің бірқатар елінде дауыс беру учаскелері жұмысын аяқтады

Автор: Асыл Арман

Сыртқы істер министрлігі арнайы мәлімдеме жасады

Фото: ҚР СІМ

Сыртқы істер министрлігі әлемнің бірқатар елінде сайлау учаскелері жұмысын аяқтағанын хабарлады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Ведомство мәліметінше, қазіргі уақытта Оңтүстік Корея, Жапония, Қытай, Сингапур, Малайзия, Моңғолия, Индонезия, Таиланд және Вьетнам елдерінде шетелдік сайлау учаскелері өз жұмысын аяқтады.