Тізімге енгізілген азаматтардың 72,15%-ы дауыс берді
Орталық сайлау комиссиясы Құрылтай депутаттарының сайлауында сағат 18:00-дегі жағдай бойынша қанша қазақстандық дауыс бергенін жария етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астананың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың аумақтық сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 18.00-дегі жағдай бойынша өңірлерде сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы мынаны құрады:
«Жалпы еліміз бойынша сағат 18.00-де 9 095 298 сайлаушы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 72,15%-ын құрады. Сайлаушылардың уақытша болу орындарындағы 548 учаскеде дауыс беру аяқталды. Сайлаушылардың дауыс беруге қатысуы туралы келесі ақпарат сағат 20.00-де беріледі», – делінген ОСК хабарламасында.