Алматының тумасы халықаралық ірі жарыстарда бірнеше рет жүлдегер атанған
Қазақстандық танымал гимнаст Милад Карими Құрылтай депутаттарының сайлауында дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Спортшы Алматы қаласының Әуезов ауданындағы Таугүл шағынауданында орналасқан №127 жалпы білім беретін мектептегі сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады.
Милад Карими спорттық гимнастика жанкүйерлеріне етене таныс. Алматының тумасы халықаралық ірі жарыстарда бірнеше рет жүлдегер атанған. Оның қоржынында әлем чемпионатының медалі, Азия чемпионы атағы және Әлем кубогы кезеңдерінен алған жүлделері бар.
Гимнаст спорт кестесінің тығыздығына қарамастан, бүгін сайлауға арнайы барып, дауыс берді. Милад Карими республикалық және халықаралық жарыстарда өзі намысын қорғайтын Алматы қаласында азаматтық таңдауын жасады.