Қазақстан құрамасының боксшылары Құрылтай сайлауында дауыс берді

Автор: Асыл Арман

Қазір ұлттық құрама Алматы облысында дайындық жүргізіп жатыр

Фото: Алматы облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазіргі таңда Алматы облысында оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатқан Қазақстан ұлттық бокс құрамасының мүшелері Құрылтай депутаттарының сайлауына қатысты. Спортшылар Есік қаласындағы №123 сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Дауыс беруге Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Оразбек Асылқұлов, Төрехан Сабырхан, Абылайхан Жүсіпов, Сабыржан Аққалықов, Нұрбек Оралбай, Айбек Оралбай, Сағындық Тоқамбай, Нүркен Андасов, Медеу Жұмашев, Нұржан Құдыбаев, Азамат Мақажанов, Нұржан Насанов, Ғайни Ашкеев, Мақсат Бақтыбазаров және Асқар Еркебаев қатысты.

Танымал боксшылардың сайлау учаскесіне келуі тұрғындардың да назарын аударды. Жұртшылық спортшылармен естелік суретке түсіп, рингтегі жарқын өнерлері үшін алғысын білдіріп, алдағы жарыстарда жаңа жеңістер тіледі.

Қазір ұлттық құрама Алматы облысында дайындық жүргізіп жатыр. Жаттығу кестесінің тығыздығына қарамастан, спортшылар сайлау учаскесіне келіп, азаматтық таңдауын жасауға уақыт тапты.