Дастан Сәтбаев «Бернли» сапында матчқа қатысатын футболшылардың тізіміне алғаш рет енді
Ойын Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де басталады
Қазақстан құрамасының вингері Дастан Сәтбаев алғаш рет «Бёрнли» командасының матчқа арналған өтініміне енді. Қазақстандық футболшы Чемпионшиптің 2-туры аясында «Вест Бромвичке» қарсы кездесуді қосалқы құрамда бастайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ойын Қазақстан уақытымен сағат 16:00-де басталады.
Айта кетейік, Сәтбаев шілде айының ортасында Лондонға қоныс аударған болатын. Вингер «Челси» сапында Аустралия мен Азиядағы турне аясында бірнеше жолдастық кездесу өткізіп, дебюттік матчында алаңға шыққаннан кейін небәрі 6 минут өткенде гол соғып үлгерді.
Алайда клуб басшылығы қазақстандық футболшыны Англияның екінші деңгейлі дивизионы – Чемпионшипте өнер көрсететін «Бёрнли» клубына жалға беру туралы шешім қабылдады. Қазақстандық ойыншының өзі Чемпионшиптегі тәжірибе оның шеберлігін шыңдап, мықты болуына ықпал ететініне сенімділік білдірді.