Құрылтай сайлауы: 74 сайлау учаскесінде мыңдаған азамат дауыс берді

Автор: Асыл Арман

Сағат 14:00-дегі жағдай бойынша шетелде 74 сайлау учаскесі ашылды

Фото: ҚР СІМ

Құрылтай сайлауы күні әлем елдеріндегі сайлау учаскелерінде мыңдаған азамат дауыс берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, сағат 14:00-дегі жағдай бойынша шетелде 74 сайлау учаскесі ашылды.

Жалпы, осы уақытқа дейін сайлау учаскелерінде 2 573 азамат дауыс берді.