Алматыда жасырын қару-жарақ пен оқ-дәрі қоймасы табылды

Автор: Дәулет Ботагөз

Арнайы операция барысында полиция қызметкерлері оқиға орнынан біршама қару түрлерін тәркіледі

Фото: Алматы қаласының ПД

Алматы қаласы Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Дархан шағынауданындағы өзен маңынан заңсыз жасырылған қару-жарақ арсеналын анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Арнайы операция барысында полиция қызметкерлері оқиға орнынан біршама қару түрлерін тәркіледі. Полиция қызметкерлері газды тапаншалар, граната және тегіс ұңғылы мылтықтардың кесінділерін тәркіледі. Қазіргі уақытта тәркіленген қару-жарақ пен оқ-дәрілердің барлығы сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.

Мамандар сараптама барысында бұл заттардың шығу тегін, кімге тиесілі екенін және заңсыз арсеналдың қашан жасалғанын анықтайды.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.