Жапа шеккендер Экономикалық тергеу департаментіне жүгіне алады
Елордада «Астана Раушан касса айналымы» атты қаржы пирамидасының заңсыз қызметінің жолы кесілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап.
«Бұл пирамиданы 2020 жылдың қаңтар айында елорда тұрғыны құрған. Ол алаяқтықпен жеке тұлғалардың қаражатын иемденіп отырған. Құрылу уақытынан бастап қаржы пирамидасының құрығына мыңнан астам Қазақстан Республикасының азаматы түсті. Қазіргі таңда аталған факт бойынша ҚР ҚК 217-б. 2-б. 4-т. сәйкес сотқа дейінгі тергеу ісі жүргізілуде (ірі мөлшерде ақшаны тарта отырып, қаржылық пирамиданы құру және оған басшылық ету)», - деп жазылған хабарламада.
Жоғарыда көрсетілген қаржы пирамидасының заңсыз әрекетінен жапа шеккендер Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жүгіне алады (Желтоқсан көш., 43, тел. 31-61-45, ұялы тел. 8-701-218-5318, 8-701-888-9316).