Токиода студент сайлауға шапан киіп, қазақтың биі образында дауыс берді

Ол Цукуба университетінде «Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша оқиды

Токиода студент сайлауға шапан киіп, қазақтың биі образында дауыс берді
Фото: ҚР СІМ

Токиодағы сайлау учаскесінде алғашқылардың бірі болып біздің отандасымыз Әлішер Әзімбаев дауыс берді. Ол дауыс беру үшін арнайы түрде қазақтың биі келбетінде келіп, өз таңдауын жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше, Цукуба университетінде «Мемлекеттік саясат» мамандығы бойынша оқитын Әлішер қазақ халқының тарихи дәстүрлерін Қазақстанның жас буынының заманауи ұмтылыстарымен символдық түрде ұштастырды.

Ол Құрылтай тарихи тұрғыдан Ұлттық жиналыс болғанын, онда ел тағдырын айқындайтын маңызды шешімдер қабылданғанын атап өтті.

«Менің ойымша, жаңадан құрылған Құрылтай бұл дәстүрді халықпен өзара іс-қимылда мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шешуге арналған қазіргі заманғы саяси институт ретінде жалғастырады», – деп атап өтті ол.