Түркиядағы қазақстандықтар өз таңдауын жасап, дауыс беруге кірісті
Түркияда Құрылтай депутаттарының сайлауына арнап 4 сайлау учаскесі ашылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дауыс беру учаскелері таңғы сағат 07:00-де өз жұмысын бастады. Түркиядағы қазақстандықтар өз таңдауын жасап, дауыс беруге кірісті. Мұнда 2 мыңға жуық азамат дауыс беру құқығына ие.
Анкара, Ыстанбұл, Анталия, Измир қалаларында сайлау учаскелері кешкі 20:00-ге дейін жұмыс істейді.