Ол Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханада өз таңдауын жасады
ҚР Парламенті Сенатының бұрынғы төрағасы Мәулен Әшімбаев Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол Астанадағы Ұлттық академиялық кітапхана ғимаратында орналасқан сайлау учаскесінде дауыс берді.
Бұған дейін ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин Құрылтай сайлауында дауыс берген болатын.
Айта кетейік, 23 тамызда Қазақстанда ел тарихындағы жаңа бірпалаталы Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы басталды. Сайлау учаскелері ел аумағында ашылып, дауыс беру сағат 20:00-ге дейін жалғасады.
Сондай-ақ таңғы сағат 07:00-дегі жағдай бойынша өңірлердегі 10 363 сайлау учаскесі дауыс беруге кіріскені белгілі болды.