Сингапур, Индонезия және Вьетнамдағы сайлау учаскелері де жұмысын бастады
Малайзиядағы №423 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Ел аумағында жүрген Қазақстан азаматтары Құрылтай депутаттарын сайлауда дауыс беру мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің Telegram арнасына сілтеме жасап.
Сондай-ақ Сингапурдағы №449 сайлау учаскесінде де дауыс беру басталды.
Индонезиядағы №464 сайлау учаскесінде де қазақстандықтар өз таңдауын жасауда.
Вьетнамдағы №476 сайлау учаскесінде де отандастарымыз дауыс беріп жатыр.