«Ауыл» партиясының өкілдері Қарағанды облысындағы ауыл тұрғындарымен кездесті

Автор: Асқарова Қарлығаш

Партия өкілдері ауылдағы тұрмыс жағдайымен танысып, оның одан әрі дамуына қатысты пікірлерін тыңдады

Фото: видеодан скрин

«Ауыл» партиясының өкілдері Қарағанды облысына жұмыс сапары барысында ауыл ақсақалымен кездесіп, елді мекеннің өзекті мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесуге Жақыпбек Жылқыбайұлы да қатысты. Әңгіме барысында ауылдың қазіргі жағдайы, инфрақұрылымның жай-күйі, әлеуметтік мәселелер және тұрғындардың ұсыныстары сөз болды.

Ауыл ақсақалы елді мекеннің тарихы, соңғы жылдардағы өзгерістер және тұрғындардың қазіргі қажеттіліктері туралы айтып берді. Партия өкілдері ауылдағы тұрмыс жағдайымен танысып, оның одан әрі дамуына қатысты пікірлерін тыңдады.

Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындар көтерген және қосымша қарауды қажет ететін мәселелер атап өтілді.