Тараптар айтылған мәселелер бойынша пікір алмасып, ұсыныстарды талқылады
«Ауыл» партиясының өкілдері Абай ауданына қарасты Қасқабұлақ ауылының тұрғындарымен кездесті. Жиынға партия өкілдері Жигули Дайрабаев пен Балнұр Ахметова қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырылды. Атап айтқанда, ауыл шаруашылығын дамыту, ауыл тұрғындарын қолдау, инфрақұрылымды жақсарту және халықтың әл-ауқатын арттыру мәселелері сөз болды.
Ауыл тұрғындары өздерін алаңдатқан өзекті мәселелерді көтеріп, бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Тараптар айтылған мәселелер бойынша пікір алмасып, ұсыныстарды талқылады.