26 көпір мен жолдарды тексеру кезінде 71 ақау анықталды
СҚО-да жолдарды сапалы күтіп-ұстамағаны үшін 13 лауазымды тұлға жауапқа тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
«СҚО ПД Әкімшілік полиция басқармасының қызметкерлері жылына екі рет автомобиль жолдарына, көше-жол тораптарына және құрылыстарына кешенді тексеру жүргізеді. Тексеру барысында 1716 жол белгілері мен бағыттық көрсеткіштерді орнату және ауыстыру, сондай-ақ 18 автобус павильоны мен тұрақтарды жөндеу қажеттілігі анықталды. 26 көпір мен жолдарды тексеру кезінде 71 ақау анықталды», - деп жазылған хабарламада.
Тексеріс нәтижесі бойынша барлық мүдделі органдарға жол жүрісін ұйымдастыруды жақсарту бойынша ұсынымдар жолданды.