Жаңа бағдар 4 тамыздан бастап іске қосылады
Елордада 4 тамыздан бастап «Арнау» тұрғын үй кешені мен «№1 Индустриалды парк» аралығында қатынайтын жаңа автобус бағдары іске қосылады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
«Ертеңнен, яғни 4 тамыздан бастап «Арнау» ТК - «№1 Индустриалды парк» аралығында жаңа №15А автобус бағдары іске қосылады. Бағдар №15 бағдардың қозғалыс сызбасына сәйкес жүреді. Алайда, ол №1 Индустриалды паркке қызмет көрсететеді», - делінген хабарламада «City Transportation Systems» ЖШС хабарламасында.
Естеріңізге сала кетсек, астанада 3 тамыздан бастап қоғамдық көлік қайта жүре бастады.