Кездесу барысында партияның 19 негізгі бағыты таныстырылды
Жетісу облысы Қазақстан Халық партиясының сайлауалды штабының мүшелері «Tino Pizza» мекемесінің ұжымымен кездесу өткізіп, сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кездесу барысында партияның 19 негізгі бағыты таныстырылып, кәсіпкерлік саласына қатысты ұсыныстар мен шағын және орта бизнесті қолдау мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Сонымен қатар, студенттердің оқу ақысын төлеу, тұрғын үйді жалға алу және күнделікті қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жұмыс істеуге мәжбүр болуы мәселесі көтерілді. Осы бағытта жастарға қолайлы жағдай жасау, олардың білім алуына кедергі келтіретін әлеуметтік мәселелерді шешуге мүмкіндік беретін тетіктерді қалыптастыру жөніндегі партияның ұсыныстары айтылды.
Кездесу барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, партияның бағдарламасы мен ұсыныстары жөнінде пікір алмасты.