Рыбакина Цинциннати турнирінің ширек финалына шықты: ол осы жолы да Ига Швентекпен кездесетін болды

Автор: Асыл Арман

Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылды

Фото: ktf.kz

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина (WTA рейтингінде №2) АҚШ-тың Цинциннати қаласында өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдің ширек финалына шықты. Ол 1/8 финалда ресейлік Диана Шнайдерден басым түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Кездесу 1 сағат 26 минутқа созылып, Рыбакина қарсыласын 6:4, 6:4 есебімен жеңді.

Енді қазақстандық теннисші жартылай финалға шығу үшін Польша өкілі, турнирдің қазіргі чемпионы Ига Швентекпен кездеседі. Бұл олардың жақында Торонтода өткен турнир финалынан кейінгі кезекті кездесуі болмақ.